Хиджабы шешіліп кеткен футболшыға қолдау көрсеткен қарсыластары жанкүйерлерін тәнті етті (видео)

0
958

Желі қолданушылары видеоны 2,5 млн рет қарап шыққан.


Хиджабы шешіліп кеткен футболшыға қолдау көрсеткен қарсыластары жанкүйерлерін тәнті етті (видео)

ERNUR.KZ. Иорданияда "Араб православиелік клубы" және иорданиялық "Шабаб аль-Ордон" командасы арасындағы футбол матчы кезінде спортшы қыздың басынан хиджабы шешіліп кетті, деп жазады baq.kz.

Бойжеткен еңкейіп, хиджабын түзей бастағанын байқаған қарсылас команданың қыздары оның жан-жағын қоршап алып, бас киімін түзетіп алуға мүмкіндік берді.

Футбол жанкүйерлері футболшы қыздардың әрекетіне тәнті болып, қол шапалақтап, қолдау көрсетті.

Аталмыш сәттің видеосы әлеуметтік желілерде бірден тарап кетіп, көрермендердің көзайымына айналды.


ESPN спорт басылымының Twitter-дегі парақшасында желі қолданушылары видеоны 2,5 млн рет қарап шыққан. Журналистер роликтің астына "Спорттан да маңызды", - деген жазба қалдырды.

Желі қолданушылары спортшы қыздардың іс-әрекетіне риза болып, әртүрлі жазба қалдырды.

"Өте керемет", "Құдай адамдарды бір-бірін сыйлап өту үшін жаратқан: қыздар, құттықтаймын! Сіздер кереметсіздер!", - деп жазды комментаторлар.