​Киберспортқа жыл басынан 2 млрд АҚШ доллары салынған

0
1 192

2018 жылдың алғашқы 4 айында киберспортқа 2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Киберспортқа жыл басынан 2 млрд АҚШ доллары салынған
фото: newgen.pro

2018 жылдың алғашқы 4 айында киберспортқа 2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Қаржының басым бөлігі бүгінде Dota 2-ге салынып жатыр.

Бұл туралы The Esports Observer компьютерлік спорт туралы жариялаған есебінде белгілі болды. Өткен жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда қаржы көрсеткіші 9 есе өткен.

Инвесторлар осы жылдың бірінші тоқсанында-ақ компьютерлік спортқа 2 млрд АҚШ долларын салған. Dota 2-ден кейінгі орында тұрған Counter-Strike: Global Offensive.

Киберспортқа ақша салушылардың 50 пайызы американдықтар.

Есепті жариялаған автор бір тоқсанда мұндай мөлшерде ешқашан ақша салынбағанын да атап көрсеткен.