Кинематография тарихында көп қаражат жинаған мультфильм аталды

0
927

«Мұзды өлке 2» - 2019 жылы бір миллиард доллардан аса табыс тапқан.


Кинематография тарихында көп қаражат жинаған мультфильм аталды

ERNUR.KZ. Walt DIsney студиясының «Мұзды өлке 2» туындысы әлемдік кинематография тарихында ең көп қаражат жинаған мультфильм болып танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кассалық алымы 1,325 миллиард доллардан асып түскен.

Осыған дейін толықметраж анимациялық картиналар көшбасшылары мыналар болған: «Суперсемейка 2» (1,243 миллиард доллар) және «Мұзды өлке» (1,281 миллиард доллар).

«Мұзды өлке 2» студияның 2019 жылы бір миллиард доллардан аса табыс тапқан алтыншы киножобасы. Осы соманың біршама бөлігі халықаралық прокаттан түскен.