​Кірпік ұзартамын деген әйелдің көзі жабысып қалды

0
2 670

Екі салонға 25 мың теңгеден астам қаржы жұмсаған әйел көзінен айырылып қала жаздаған


​Кірпік ұзартамын деген әйелдің көзі жабысып қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Кірпігін ұзартып алмақ болған әйелдің көзін сұлулық салонында желімдеп тастаған, деп жазады lenta.ru.

Оқиға таиландық Пхукет қаласында болған.

35 жастағы әйел сұлулық салонына кіріп, кірпігін ұзартып алмақ болғанда қызметкер оған арнайы желімнің орнына тез кебетін әмбебап желімді қолданған.

Бірнеше минуттан соң әйелдің қабағы ісіп, көзін ашып-жұмғанда жабысып қала берген. Осы қызметіне қарамай салон әйелден 1,5 мың бат (15 мың теңгеден астам) алған.

Зардап шеккен әйел желімнен құтылу үшін келесі салонға барып, нәтижесінде ол барлық кірпігінен айырылды. Екінші салонға тағы мың бат (10 мың теңгеден астам) жұмсаған әйел полицияға шағымданды. Бірақ полиция ешқандай көмек бере алмайтынын айтқан.