Көбігі көркем көрінгенмен, теңіз суы көп адамның өмірін жалмады (видео)

0
898

Өңірлерде желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетіп, толқындардың биіктігі 7 метрге дейін көтерілген.


Көбігі көркем көрінгенмен, теңіз суы көп адамның өмірін жалмады (видео)

ERNUR.KZ. «Глория» дауылы салдарынан Испанияның шығыс жағалауындағы қала көшелерінің теңіз көбігіне толған, деп жазады Skifnews.kz.

Күллі көшені басқан теңіз көбігінің биіктігі ересек адамның белінен келеді. Бір қарағанға бұл көрініс әдемі әсер қалдырғанмен, қатты дауылдың салдарынан әйгілі испан шипажайындағы ғимараттар мен ағаштар сынған. Одан бөлек, бірнеше адам қаза тапты.

EuroNews-тің хабарлауынша, өңірлерде желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетіп, толқындардың биіктігі 7 метрге дейін көтерілген. Оған қоса, елдің кейбір жерлеріне циклонмен бірге мол қар жауған.