Қоқыстан азығын іздеген пілдердің суреті үздік деп танылды

0
1 018

Сурет Шри-Ланкада түсірілген.


Қоқыстан азығын іздеген пілдердің суреті үздік деп танылды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда Корольдіктің биологиялық қоғамының фотобайқауы өтті, деп хабарлайды Хабар24.

Қоқыс төгетін жерден азығын іздеп жүрген пілдердың суреті жеңіске жетті.

Тилахан Тармапаланның Шри-Ланкада түсірген суретінен бір топ пілдің қорыққа жақын маңдағы қоқыстан азық іздеп жүргенін көруге болады.


Жергілікті билік жақында ғана Ампар округіндегі қорық маңына қоқыс төгуге тыйым салған болатын. Оған пілдердің жаппай улануы себеп. Сол маңнан алып жануарлардың өлексесі де табылған.

Ал жылдың үздік жас фотографы атағы Шри-Ланканың 14 жастағы тұрғыны Ашвин Гиртанға бұйырды. Оның суретінде балықшылардан қалған таяқшаларда өздерінің жемтігін күтіп отырған суқұзғындар бейнеленген.



Байқауға қатысып, көпшіліктің назарын аудартқан өзге де суреттер: