Кореяда 45 күндік сәби коронавирус жұқтырған

0
660

Бұл туралы Корея Республикасының Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымы (KCDC) хабарлады.


Кореяда 45 күндік сәби коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 376 адам коронавирусты жағңадан жұқтырды. Осылайша жалпы жұқтырғандар саны 3 526 адамға жетті, деп жазады baq.kz.

Корея Республикасының Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымының (KCDC) соңғы деректеріне қарағанда жұқтырғандардың ішінде Тэгу қаласында 333 адам, Кёнсан-Пукто провинциясында 26 адам және басқа аймақтардан болып отыр. Ел бойынша 17 адам қайтыс болған және 30 адам жазылған. Тағы 32 422 адам анализі талдауға жіберілді.

Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, коронавирус жұқтырғандардың арасындағы еш кішкентайы 45 күндік сәби. Ол 15 қаңтарда дүниеге келген және коронавирусты өз ата-анасынан жұқтырған. Оның жұқтырғаны өткен апта белгілі болды. Қазір бала анасымен бірге Кёнсан-Пукто провинциясында өз үйінде карандинде. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты және бақылап болғаннан кейін оларды ауруханаға жатқызады.