Кореяның ең сұлу актрисасы Сон Хе Генің күйеуі ажырасатынын айтты

0
3 674

Актер ажырасу туралы шешімді ортақ қабылдағандарын жеткізді.


Кореяның ең сұлу актрисасы Сон Хе Генің күйеуі ажырасатынын айтты

ERNUR.KZ. 27 маусым күні актер Сон Джун Кидің адвокаты Пак Чже Хен өздерінің бірінші болып ажырасуға өтініш жазғандарын айтты. Сондай-ақ, олар мұның себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

«26 маусым күні Сеулде біздің заңгерлік фирма Сон Джун Кидің атынан сотқа ажырасуға өтініш берді. Бұдан өзге біз Сон Джун Кидің атынан ресми мәлімдемесін жариялауды жөн көріп отырмыз», - деді адвокат.

Сон Джун Ки өз мәлімдемесінде көрермендері алдында кешірім сұраған. Сондай-ақ, ол ажырасу туралы шешімді ортақ қабылдағанын айтты.

«Сәлем. Бұл Сон Джун Ки. Біріншіден, маған қамқор болып, мені жақсы көріп жүрген жандарға осындай хабар жеткізгенім үшін өкініш білдіремін. Мен Сон Хе Гемен ажырасу туралы процесті бастадым. Сөз таластырып, бір-бірімізді кінәлаудың орнына тыныштықта ажырасамыз деген үміттемін», - дейді ол.

Әрі қарай Сон Джун Ки бұдан былай жеке өмірін көптің талқысына салғысы келмейтінін айтты.

«Мен сіздердің жеке өмірімді ортаға салғым келмейтініне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Дәл қазір мен жараларымды емдеп, болашақта сіздерді актер ретінде жақсы рөлдеріммен қуантпақпын. Рахмет», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Сон Джун Ки мен Сон Хе Ге 2017 жылдың қазан айында шаңырақ көтерді. Екеуі «Күн ұрпақтары» дорамасында ғашықтардың рөлін сомдаған болатын.