Коронавирус: Алғаш рет Қытай шекарасынан тыс жерде кісі өлімі тіркелді

0
940

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар төтенше жағдай деп жариял


Коронавирус: Алғаш рет Қытай шекарасынан тыс жерде кісі өлімі тіркелді

ERNUR.KZ. Қытай шекарасынан сыртта коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Өлім Филиппинде тіркелді. 44 жасында қайтыс болған ер адам Уханнан келген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Филиппиндегі бөлімі Twitter-інде жазды.

Ол Филиппинде коронавируспен ауырған екі адамның бірі болған. 1 ақпан күні көз жұмды.

Қазір Қытайда 13846 адам коронавирус жұқтырған, 304 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар төтенше жағдай деп жариялады.