Коронавирус: Италияда вирустан көз жұмғандар саны 1000 адамнан асты

0
800

Қазіргі уақытта Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 12 839 адамға жетті.


Коронавирус: Италияда вирустан көз жұмғандар саны 1000 адамнан асты

ERNUR.KZ. Соңғы мәліметтер бойынша, вирус Италияда 1 016 адамның өмірін қиған. Бұл туралы бейсенбі күні Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли мәлім етті. Бұл сәрсенбі күнгімен салыстырғанда 189 жағдайға көп, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 12 839 адамға жетті. Бұл сәрсенбі күні тіркелген деректермен салыстырғанда 2249 жағдайға көп. 1258 адам емделіп шықты.

Коронавирустан көз жұмғандар мен емделіп шыққандарды қоса есептегенде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 15 113 адамға жетті. Вирус жұқтырғандардың 6 896-сы Ломбардияда екені анықталған, олардың 774-і қайтыс болды. Ал Эмилия-Романья аймағында 1758 жағдай тіркелген, 146-сы көз жұмған.

Бұған дейін хабарлағандай, 12 наурыздан бастап Италияда дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен өзге сауда орындарының барлығы жабылып жатыр.