Коронавирус мутацияға ұшырауда – дәрігер

0
798

Вирус ғалымдар вакцина жасағанға дейін жойылуы мүмкін.


Коронавирус мутацияға ұшырауда – дәрігер

ERNUR.KZ. Италиялық дәрігер-инфекционист Маттео Бассетти коронавирустық инфекция қаупі төмендеп келеді, енді ол өздігінен жоғалып кетуі мүмкін деп санайды. Оның пікірінше, бұл жағдай генетикалық мутация салдарынан болуы мүмкін, деп жазады baq.kz.


Наурыз және сәуір айының басында жағдай мүлдем өзгеше болды. Адамдар шұғыл көмек бөліміне өте ауыр күйде түсіп жатты. Оларға оттегі мен өкпені жасанды жолмен желдету қажет болды, кейбір науқастарда пневмония асқынды. Наурыз және сәуір айларында коронавирус агрессивті жолбарысқа ұқсады, ал қазір ол жабайы мысыққа ұқсайды. Тіпті, 80-90 жастағы егде пациенттердің өзі қазір ешкімнің көмегінсіз дем ала алады. Бұған дейін мұндай науқастар екі-үш күн ішінде қайтыс болатын еді, - деді Бассетти.

Дәрігердің пікірінше, вирустың әлсіреудегі негізгі себептерінің бірі – әлеуметтік қашықтық шараларына жауап ретінде вирустың мутациялануы болуы мүмкін.

Менің ойымша, вирус мутацияланды, себебі біздің иммундық жүйеміз жауап бере алады. Қазір қорғаныш костюмдерін кию, маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтау шаралары арқасында вирус жұқтыру деңгейі төмендеді, - деді ол.

Бассетти вирус ғалымдар вакцина жасағанға дейін жойылуы мүмкін, деген пікірде. Алайда, екінші сарапшы әріптестерінің бұл пікірімен келіспейді. Эксетер университеті медицина факультетінің профессоры Барат Панкханияның пікірінше, вирустың жоғалуы жылдар алуы мүмкін.

Вирус ешкім бұл індетті жұқтырмаған жағдайда ғана жоғалады. Егер біз вакцинаны сәтті жасап шықсақ, онда біз шешек індетін жойғандай мұны да жоя аламыз. Бірақ коронавирус тым жұқпалы және кең таралып кеткендіктен, ол ұзақ уақыт бойы кете қоймайды, - деді ол.