Коронавирус Палестинада да тіркелді

0
734

Қазіргі кезде мамандар вирустың Газа аймағына тарауынан қауіптенуде. Егер мұнда вирус шықса, Израиль шекарасын жауып тастайтынын ескертті. Тіпті бұл мақсатта әскери күш қолданудан таймайды.


Коронавирус Палестинада да тіркелді

ERNUR.KZ. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланды, деп жазды baq.kz.

Тұрмысы төмен және медицина дамымаған өңір болғандықтан, мамандар мұнда "індеттің өршіп кету қаупі бар" деп дабыл қағып отыр.

Израиль эпидемиологтары осыдан қауіптенген еді. Коронавирус Иордан өзенінің Батыс жағалауында тіркелді. Індет туризмнің басты орталығы Вифлеем қаласына тарады.
"Медициналық сараптама коронавирусты жеті адам жұқтырғанын көрсетті. Енді бұл кісілер сараптама жүргізген екі дәрігер және мейманхана қызметкерлерімен бірге карантинге алынды. Біз Вифлеем мен Иерихон қалалары және Иордан өзенінің алқабында төтенше жағдай жариялауға нұсқау бердік, - деді Палестина автономиясының денсаулық сақтау министрі Маль Алкалья.
Автономиядағы медицина деңгейі Израильмен салыстырғанда едәуір төмен. Санитарлық ережелер сақталмайды, су жеткізу мен кәріз жүйелері тозған. Христиандардың ең қасиетті орындарының бірі - Рождество ғибадатханасы орналасқан Вифлеемге адам көп келеді. Қазіргі кезде көптеген кешендермен қатар бұл шіркеу де жабылды.
"Cоңғы бірнеше күнде 5 мыңдай турист келді, оларды дереу қаладан шығарды. Қазір Вифлеемде 150-дей шетел азаматы бар, олар 24 сағат ішінде қаладан кетуге тиіс", - деді Палестина автономиясы үкіметінің өкілі Ибрагим Мельхем.
Қазіргі кезде мамандар вирустың Газа аймағына тарауынан қауіптенуде. Бұл әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Егер мұнда вирус шықса, Израиль шекарасын жауып тастайтынын ескертті. Тіпті бұл мақсатта әскери күш қолданудан таймайды.