Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

0
900

Вирус кем дегенде 23 елде тіркелді.


Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

ERNUR.KZ. Аса қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар мен жұқтырғандар саны күн санап артуда. 1-ақпан күнгі шыққан мәліметке сүйенсек, 304 адам қайтыс болып, вирусты жұқтырғандар саны 14551-ге жетті, деп жазады ktk.kz.

Қаза болғандардың барлығы вирус ошағы Хубэй провинциясында тіркелген. Жұқтырғандардың арасында 1118 адам ауыр халде, 444 адамның жағдайы қиын, 328 адам ауруханадан шығарылды. Сонымен қатар, коронавирустың жаңа түріне күдікті 43 121 оқиға тіркелді.

Дәрігерлердің қадағалауында вирусты жұқтырғандармен тығыз байланыста болған 137,6 мың адам бар. Гонконг университеті ғалымдарының ақпаратына қарағанда, Уханьдағы коронавирусты жұқтырғандар саны 75 мыңнан астам адамды құрауы мүмкін. Вирус кем дегенде 23 елде тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирусты халықаралық төтенше жағдай деп жариялады. АҚШ, Еуропа елдері, Ресей, Австралия және Сингапур індетін тоқтату үшін Қытай азаматтары мен жақында Қытайда болған шетелдіктерді елге кіргізбеу туралы шешім қабылдаған.