Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

0
893

Бұдан бөлек 9239 адам ауруды жұқтыруы мүмкін екендігі айтылған. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған 59 990 адам дәрігерлердің бақылауында екен.


Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

ERNUR.KZ. Қытайдан бастау алып, жаппай таралып жатқан індетті жұқтырғандардың саны 5974 жетті, олардың 132-і жан тапсырды, деп жазады Stan.kz.

Бір күн бұрын ауырғандардың саны 4515 жеткені және 106 науқастың көз жұмғандығы жайлы айтылған еді. Бір тәулік ішінде індетті тағы 1459 адам жұқтырып, 26 адам бақилық болыпты. Кешегі күннен бері 43 адам ауруханадан шығарылған.

"28 қаңтар сағат 00:00-де Қытайдың 31 провинциясынан ауру туралы ақпарат сұратылды. Сәйкесінше, коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 5974 адам тіркелуі екендігі, олардың арасында 1239-ы ауыр халде, 132 азаматтың көз жұмғаны және тағы 103-і ауруханадан шығарылғаны анықталды", - делінген ҚХР-дың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің хабарламасында.

Гонконгтың өзінде сырқаттанған 8 адам, Макаода - жеті және Тайванда тағы 8 науқас тіркеліпті.

Бұдан бөлек 9239 адам ауруды жұқтыруы мүмкін екендігі айтылған. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған 59 990 адам дәрігерлердің бақылауында екен.