Коронавирусты Уханға АҚШ әскерилері әкелген болуы мүмкін - ҚХР СІМ өкілі

0
792


Коронавирусты Уханға АҚШ әскерилері әкелген болуы мүмкін - ҚХР СІМ өкілі

ERNUR.KZ. Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь Twitter желісіндегі парақшасында коронавирусты Ухан қаласына америкалық әскерилер әкелген болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"АҚШ-та қашан бірінші адам вирус жұқтырды? Қанша адам жалпы жұқтырды? Ауруханаларының атауы қандай? Эпидемияны Ухан қаласына әкелген АҚШ әскері болуы мүмкін. Шынайы болыңдар! АҚШ бізге түсінік беруі керек!", - деп жазды Чжао.