Коронавирустың дәлме-дәл 3D моделі жасалды

0
496

Коронавирустың 3D моделі әлемде вирустың таралуына қарсы күресте жаңа жол ашады.


Коронавирустың дәлме-дәл 3D моделі жасалды

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясындағы Ғылым және технологиялар университетінің ғалымдары коронавирустың ең дәл 3D моделін жасап шығарды, деп хабарлайды Хабар24.

Модельді құру үшін SARS-CoV-2 вирусының құрылымы туралы барлық белгілі мәліметтер жинақталған. Аталған модель вирустың толық ультрақұрылымын көрсетеді.

Онда вирус бетіндегі ақуыз тікендер мен рецепторлар, сондай-ақ вирустық мембрана ішінегі генетикалық материалы көрсетілген.

Зерттеу авторларының айтуынша, коронавирустың 3D моделі әлемде вирустың таралуына қарсы күресте жаңа жол ашады.