​Көшеде шаш жұлысқан қыздарға еркектер араша түсті

0
2 067

Көшенің қақ ортасында қырғын төбелескен әйелдерге еркектер араша түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Көшеде шаш жұлысқан қыздарға еркектер араша түсті

Көшенің қақ ортасында қырғын төбелескен әйелдерге еркектер араша түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Новороссийск қаласында үш әйел жол үстінде төбелес шығарды. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолды ерте кесіп өтпек болған. Сол қылығымен ол жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды шошытып алды. Селт етіп қорқып қалған жаяу жүргінші қолындағы сөмкесімен көлікті тарс еткізіп ұрды. Сол кезде мерседес тоқтап, ішінен жүргізуші қыз атып шықты да, жаяу қызға тұра ұмтылды. Екеуі бірінің бірі шашын жұлып төбелесіп жатқанда көліктің ішінен жүргізуші қыздың құрбысы атып шығып, ол да шаш жұлыса бастады. Сөйтіп көшенің қақ ортасында жұлқысып тұрған қыздарға еркектер араша түсіп, әрең дегенде ажыратып алды.