Криштиану Роналду чемпиондық кубокпен ұлының басынан ұрып жіберді (видео)

0
1 029

Роналду қалыңдығы Джорджина Родригес және ұлы кіші Криштианумен бірге жеңісін атап өткен.


Криштиану Роналду чемпиондық кубокпен ұлының басынан ұрып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. «Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясында командасының чемпион атанғанын атап өту кезінде аңдаусызда ұлын кубокпен ұрып жіберді, деп жазады Stan.kz.

Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады.

Роналду қалыңдығы Джорджина Родригес және ұлы кіші Криштианумен бірге жеңісін атап өткен. Футболшы отбасымен бірге кубокты ұстап суретке түспек болғанда оны ұстай алмай қалып, аңдаусызда ұлының басынан кубокпен ұрып жібереді. Артынша кубок қалыңдығына да тиіп кетті.


19 мамырда Италия чемпионатында «Ювентус» пен «Атланта» командалары кездесіп, тең нәтиже көрсетті. Туриндіктер 20 мамырда А сериясындағы жарыс кестесінде бірінші орыннан көрінді. Бұл команданың қатарынан сегізінші жеңісі болып отыр.