КСРО халық әртісі қайтыс болды

0
795

​КСРО халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады театрының өкілі.


КСРО халық әртісі қайтыс болды

ERNUR.KZ. КСРО халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бүгін қаралы хабар жетті. Белгілі әртіс, оның есімі берілген театр көшбасшысы, жетекшісі Армен Джигарханян көз жұмды", — деді ол.



Актер 1935 жылы 3 қазанда Армения астанасында дүниеге келген. 1960 жылы жас әртістің кинодебюті болды. Ол алған рет "Обвал" фильмінде ойнады. Ал Фрунзе Довлатяннің "Здравствуй, это я!", "Место встречи изменить нельзя" картиналарынан кейін танымал болды.

1996 жылдан бері Мәскеу драма театрының президенті әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Армен Джигарханян дыбыстау саласында жиі жұмыс істеді. "Жил-был пес", "Серый волк энд Красная шапочка", "Остров сокровищ" сынды мультфильм кейіпкерлері оның даусымен сөйлейді. Сұқбаттардың бірінде актер ең сүйікті фильмдері - мультфильм екенін айтты.