"Құдайдың жолдауы": "Коронавирусты бұршақ" адамдарды шошытты

0
1 224

Осыған ұқсас табиғи құбылысты әлемнің қарама-қарсы шетінде де хабарлады.


ERNUR.KZ. Мексиканың Нуево-Леон штатында коронавирус іспеттес ерекше бұршақ жауды, деп жазады Stan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жерге түскен бұршақтардан жаңа коронавируста бар сыртқы сипаттар байқалған. Мұны көріп, үрейленген жергілікті тұрғындар "бұл - Құдайдың үй жағдайында қалу қажеттілігі туралы жолдауы", деген ойға келді.

Осыған ұқсас табиғи құбылысты әлемнің қарама-қарсы шетінде де хабарлады. Twitter қолданушысы Arlene Lee 18 мамырда Қытайдың Циндао қаласында жауған "коронавирус" бұршағының суретін жариялады.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның метеорологы және кеңесшісі Жозе Мигель Винас әлеуметтік желілерде пайда болған суреттерді зерттеді. Оның айтуынша, бұл жерде ешқандай ерекше нәрсе жоқ: күшті дауыл кезінде әр түрлі өлшемдегі бұршақтар бір-бірімен соқтығысқан кезде бөлшектенеді және ең ерекше формаларға ие болады, соның ішінде осындай сипаттарды қалыптастырып, өзгереді.