"Құдаймын" деген қырғыз азаматы Қытайға коронавирусты неге жібергенін айтты

0
1 262

Әбділдаев: "Қытай қырғыз халқының ұлылығын мойындап, өз қателігін түземейінше, коронавирусты жеңе алмайды", - дейді.


ERNUR.KZ. Өзін "Құдаймын" деген қырғыз Арыстанбек Әбділдаев "Қытайға коронавирус жіберген мен едім деп жатыр", деп жазады zakon.kz.

Оның айутынша, Қытай Қырғызстанға 4 миллиард доллар қарызын кешірмеген, сондықтан олар қарғысқа ұшырады-мыс. Бірақ бұл індетті жеңудің бір жолы бар. Әбділдаев: "Қытай қырғыз халқының ұлылығын мойындап, өз қателігін түземейінше, коронавирусты жеңе алмайды", - дейді.

Арыстанбек Абдылдаев - 2011 жылғы президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысқан қырғыз саясаткері әрі бизнесмен. Ол қыс деген болмайды, ал Батыс су астында қалады деп сәуегей болжамымен елді дүрліктірген. Ал жақында ол өзін "Құдаймын" деп жариялады.