​Күйеу мен келін қайын жұртының баспанасына үміткерлік ете алатын заң қабылдануы мүмкін

0
1 323

Заңның жаңа жобасы қызу талқыға түсті.


​Күйеу мен келін қайын жұртының баспанасына үміткерлік ете алатын заң қабылдануы мүмкін

ERNUR.KZ. Келіндер мен күйеулер өздерінің қайын жұртының баспанасынан үміт етуге болатын заңды Өзбекстанда Тұрғынүй кодексіне енгізу жоспарлануда, деп жазады ca-news.org.

Мәжіліс депутаттарының кезекті отырысындағы бірінші оқылымда «Өзбекстан Республикасы Тұрғынүй кодексінің 32 бабына өзгерту енгізу туралы» жоба қаралды.

Өзгеріс енгізу ұсынысы бойынша меншік иесінің балаларының бірге тұратын және ортақ балалары бар жұбайлары (келіні немесе күйеу баласы) да меншік иесінің отбасы болып саналады. Яғни, нәтижесінде, меншік иесінің балаларының жұбайлары да басқалармен бірдей жылжымайтын мүлікті қолдануға құқылы болуы тиіс. Қазіргі кезде олар (келіндер мен күйеу балалар) жұбайының әке-шешесінің келісімімен ғана жылжымайтын мүлікке үміткер бола алады.

Заңның жаңа жобасы қызу талқыға түсті. Депутаттардың пікірінше, талқыланып жатқан жоба отбасылардың ажырасуына кедергі келтіреді.

Өзгеріс енгізілмек болған заң жобасы мәжілістің келесі отырысына қалдырылды.