Күйеуі әйелін балаларының көзінше айуандықпен өлтірген

0
996


Күйеуі әйелін балаларының көзінше айуандықпен өлтірген

ERNUR.KZ. Ресейде күйеуі әйелін балаларының көзінше айуандықпен өлтірген, деп жазады Тengrinews.kz.

Бұл оқиға 21 тамызға қараған түні болған. Басылымның мәліметінше, депутат қызметінде жүрген Азат Зарипов әйелі Еленаны балаларының көзінше өлтірген.

"11 жастағы ұл бала мен үш жасар қызды әжесі (Еленаның анасы) алып кетті. Балалармен енді қорғаншылық органдары айналысады", - деп жазады басылым.


Ер адам құқық қорғау органдары өкілдеріне отбасында осыдан екі ай бұрын жанжал шыққанын айтқан. Айтуынша, әйелі Интернетте басқа ер адаммен жазысқан. Осылайша, ақырында Зарипов әйелі көзіне шөп салғанын мойындаған соң оны айуандықпен өлтірген. Ер адам ішімдік ішкен соң әйеліне оқ атқанын мойындаған.