Құран парақтарымен ұятты жерін сүрткен екі бойжеткен көптің ашуын тудырды (видео)

0
2 760

ERNUR.KZ. Желіде ұлттары белгісіз қос бойжеткеннің әрекетінің видеосы тарап кетті. Оны көрген көпшілік жағаларын ұстады. Онда жартылай жалаңаш киініп алған арулар қолдарына қос кітап алып әңгіме дүкен құрады. Мұнан соң олардың бірі әлгі кітаптың ішінен парақтарын жыртып алып, төсіне қояды. Ең сорақысы, бұл кітаптардың қасиетті құран кітабы екенін анық аңғаруға болады.

Ол аз дегендей, бойжеткендер әлгі қасиетті кітаптан парақшаларын жыртып алып, құйрықтарын сүртеді. Кейін олардың бірі биік өкшелі туфлиімен құран кітабын басып, аяқ асты етеді. Екіншісі де кітаптың парақтарын аяғымен ашып, мазақ етеді. Бұл видео Facebook желісіндегі Paylaşmağa Dəyər (қазақша аудармасы: Бөлісуге тұрарлық) парақшасында жария етілді. Мұны көрген желідегілер қос арудың әрекетіне ашуға булығып, қатты сөкті. «Алла жазаларыңды берсін», «Мына видеоны өшіріп тастаңдаршы, мыналарға қарай алмаймын», «Алла тағалам, мыналарға ең қатаң жаза бере гөрші», «Алла сені бақытсыз етсін», «Өте жақын уақытта осы жасағандарың үшін жауап бересіңдер сендер», «Міне, осындайлар халықты ашуландырады. Мұндайларды асып қою керек», «Не деген масқара?», «Нақұрыстар», «Қолы сынғыр десе, мен жете алмай отырсам, жүректі ауыртып отыр ғой» деп құран кітабын аяқ асты еткендерге ашуланған желідегілердің арасында оларға "қарғыс атсын" деп пікірлерін де қалдырды.

«Аллаһ лағнет етсін сендерді», «Алла қалай да болсын жазаларыңды береді. Қара да тұрыңдар», «Тозақтың отында жанып кетіңдер» деп ашуға булықты желідегілер. Араларында қасиетті кітапты мазақ ету күллі мұсылман қауымын мазақ етумен тең деп қос бойжеткен әлем жұртшылығы алдында кешірім сұрауы керек деп талап еткендері де бар. Айтпақшы, пікір қалдырушылар арасында мұндай видео мұсылман қауымының шамына тию үшін әдейі түсірілген провакациялық видео деп бір-бірін сабырға шақырғандар да табылды.
Видео: желіден алынды
Ескерту: видеода бейәдеп көріністер мен сөздер қолданылады