Құс тұмауының кесірінен тағы да пандемия басталуы мүмкін - ДДҰ өкілі

0
518

Маман айтуынша, құс тұмауының өршуі екі-үш жыл бұрын А вирусының (H5N1) ерекше түріне байланысты басталған.


Құс тұмауының кесірінен тағы да пандемия басталуы мүмкін - ДДҰ өкілі

ERNUR.KZ Әлемде құс тұмауының таралуда. ДДҰ эпидемиологы Ричард Пибоди жаңа пандемияға дайындалуға шақырды деп хабарлайды Stan.kz.

ДДҰ өкілі вирустың құстардан адамдарға жұғу қаупін азайтуға мән беру керек екенін айтты.

"Егер мәселе ушықса, вирус адамнан адамға тұрақты түрде таралу қабілетіне ие болады және жаңа пандемия туындауы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Біз бұған дайындалуымыз керек", – деді Пибоди.

Ол ғылыми қауымдастық құс тұмауы вирустарының генетикалық тізбегін бақылау және вакциналар жасау үшін зерттеп жатқанын айтты.

Маман айтуынша, құс тұмауының өршуі екі-үш жыл бұрын А вирусының (H5N1) ерекше түріне байланысты басталған.

Сонымен қатар, Ричард Пибоди арам өлген аң-құсты алмауға шақырып, құс фабрикаларының қызметкерлеріне мұқият болуды ұсынды.

Құс тұмауы негізінен құстарда жиі кездеседі, бірақ адамдарға да жұғады.

Құс тұмауы – әдеттегі тұмауға ұқсас белгілері бар респираторлық ауру. Балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар адамдар тез жұқтырып алады. Құс тұмауының штамы вирустық пневмония мен жедел респираторлық дистресс синдромын тудырады.