Күшік тәрізді балмұздақ сатылады

0
2 835

Мұндай тәттінің дәмі 6 доллар тұрады.


Күшік тәрізді балмұздақ сатылады

ERNUR.KZ.Тайвань аралының оңтүстігінде орналасқан Гаосюн қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше балмұздақ ұсынылды, деп жазады 24.kz.

Туристер көптеп келетін мейрамханалардың бірінде жануар пішініндегі десерт сұранысқа ие. Алайда оның дәмін татуға кейбір меймандардың дәті бармайды. Себебі, күшіктердің шынайылығы соншалықты, оны тірі жануардан айыру қиын. Мұндай туындыны жасау үшін өнертапқыштар арнайы тәсілді қолданып, балмұздақты силиконды пішінде – 30 градуста қатырып қояды. Осы туындыны жеу үшін емес, оны қызықтап көру үшін келетін адамдар көп. Мұндай тәттінің дәмі 6 доллар тұрады.

Миа Хсу, мейрамхана қонағы:

- Шынымды айтсам, мұндай балмұздақты жеуге батылым жетпейді. Себебі, көз алдымда тірі күшік жатқандай. Егер оның дәмін татсам, сүйкімді жануарға зияным тиетін сияқты сезінемін.