Қырғыз елінің шекара маңындағы елдімекендерден 137 мың адам эвакуацияланды

0
575

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстар 14 қыркүйекте таңертең басталды.


Қырғыз елінің шекара маңындағы елдімекендерден 137 мың адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қырғыз бен тәжік шекарасындағы қақтығыс аймағы - Баткент облысынан 136 мың 770 адам эвакуацияланды, деп жазады zakon.kz.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, облыс бойынша белгіленген уақытша адам қабылдау орындарына 4 мың 458 адам орналастырылды.

Эвакуациялау жұмысына 7 мың 498 қызметкер, 335 техника жұмылдырылды. Мемлекеттік материалдық резерв, Ош облысы және БҰҰ тарапынан аймаққа тауарлық материалдық заттар жолданды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Баткен облысына 106,6 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті, оның 33,5 тоннасы Марғұн айылдық округіне таратуға берілді.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстар 14 қыркүйекте таңертең басталды. Тараптар бір-бірін айыптады.

16 қыркүйекте қырғыз шекара қызметі әскери күштер Тәжікстанмен арадағы шекарада атысты тоқтатқанын, сонымен қатар атысты доғару бойынша келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

17 қыркүйекте таңертең қырғыздың Баткен облысында тағы да оқ атылды, содан кейін өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.