Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Ресейге барды

0
766

Қырғыз басшысы 9 мамырда құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады.


Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Ресейге барды

ERNUR.KZ. Іссапар барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөз өткізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz

Мемлекет көшбасшылары күн тәртібіндегі екіжақты және жан-жақты мәселелерді, сонымен қатар екі тарап үшін де тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.


Сондай-ақ ресми сапар барысында Садыр Жапаров басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланған.

Қырғыз басшысы 9 мамырда құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады.