Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: зардап шеккендер туралы айтылды

0
470


Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: зардап шеккендер туралы айтылды

ERNUR.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғадан кейін 11 зардап шегуші Баткен облыстық ауруханасына түсті, деп жазады tengrinews.kz.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің жағдайы мен диагнозы туралы ақпарат кейінірек берілетінін айтты.

"Баткен облысының барлық денсаулық сақтау ұйымы мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимдегі жұмысқа көшірілді", - деді ведомство өкілі.
Бұл ретте республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі Баткен және Лейлек аудандарының тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлады.

Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде жағдай шиеленісіп тұр.

"Атысты тоқтату және қақтығыстың ушығуына жол бермеу мақсатында ҚР МҰҚК Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ұларбек Шаршеев пен ТР МҰҚК Шекара әскерлерінің қолбасшысы генерал-полковник Раджабали Рахмонали арасында кездесу өткізу туралы телефон арқылы сөйлесті.
Келіссөз барысында шекара ведомстволарының басшылары кездесу өткізу үшін сағат 10:00-ден бастап атысты тоқтату туралы уағдаласты. Алайда тәжік тарапы қырғыз позицияларын атқылауды жалғастырып жатыр", - деп мәлімдеді ҚР МҰҚК ШҚ өкілдері.

Еске салайық, шекарадағы жағдай бүгін таңертең ушығып кетті. Тараптар бір-бірін қақтығысты ушықтырды деп айыптап отыр.