Қырғыз жігіті Чикагода ғимаратқа шығып алып, Трамппен кездесуді талап еткен

0
640

Биік ғимаратқа шығып алған ер адам талабын орындамаса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан.


Қырғыз жігіті Чикагода ғимаратқа шығып алып, Трамппен кездесуді талап еткен

ERNUR.KZ. Чикагода белгісіз ер адам Trump Tower ғимаратына арқан байлап мініп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді талап еткен, деп жазады tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, бұл оқиға кеше, 19 қазанда болған.

Биік ғимаратқа шығып алған ер адам талабын орындамаса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан. Кейінірек, Kaktus.media мәліметінше, оның қырғызстандық екені анықталған.

Биік ғимаратқа шығып алған ер адам талабын орындамаса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан. Кейінірек, Kaktus.media мәліметінше, оның қырғызстандық екені анықталған.

Inside Paper басылымы ер адам жазған видеоны жариялады.

"Бәріңе сәлем. Мен Black Lives Matter қозғалысының жақтаушысымын және сайлауға дейін Трамп мырзамен сөйлескім келеді. Мен өлгім келмейді. Егер біреу арқанды тартып алуға тырысса, мен секіріп өлемін", - дейді қырғызстандық.

Ер адамның 31 жастағы Әділ Әлиев екені белгілі болды. Сондай-ақ, оның Қырғызстанынң Балықшы қаласының тумасы екені анықталды. Кейінірек полиция өкілдері оны ұстаған.