Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

0
1 147

Қырғыздар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ.


Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

ERNUR.KZ. Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғызстан азаматтары - А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ.

Агенттіктің «Қырғызпатентке» сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған.

Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған.

Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.