Қырғызстан экс-премьері Исаков қамауға алынды

0
1 087

Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған.


Қырғызстан экс-премьері Исаков қамауға алынды

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.

Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған. Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Ол алғаш рет тергеуге 26 сәуірде шақырылған.

Тергеу долбары бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, "Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау" жобасын жүзеге асыру барысында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компанияның мүддесін қорғаған. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.

Сапар Исаков Азаттыққа сұхбатында ешқашан "сыбайлас жемқорлыққа ұрынбағанын" сондықтан қорықпайтынын айтқан еді.