Қырғызстан президенті Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

0
815

Көрші мемлекеттің басшысы төтенше жағдайға шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.


Қырғызстан президенті Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты