Қырғызстанда балабақша қызметкері көлігемен балаларды қағып кетті

0
724

Балабақшада жұмыс істейтін әйел көлігімен алты баланы қағып кетті.


Қырғызстанда балабақша қызметкері көлігемен балаларды қағып кетті

ERNUR.KZ. Ол көлікті көлеңкеге қоймақ болған. Қайғылы оқиға Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында болды, деп жазады zakon.kz.

«Шумкар» балабақшасының қызметкері 43 жастағы А.А. Лейлек ауданы Жаңа-Жер ауылында жекеменшік Hyundai Getz көлігін көлеңкеге қою үшін балабақша ауласына айдап кіріп, аулада ойнап жүрген алты баланы қағып кетті, – деп мәлімдеді Баткен облысы бойынша ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің өкілі.

Жол апатынан алты баланың үшеуі зардап шекті. Олар 1,5 жаста, екі жаста және бес жаста. Тергеу барысында әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды, деп жазды ria.ru.

Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.