Қырғызстанда белгілі қылмыстық топ мүшелері ұсталды

0
425

Оларды Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері ұстады.


Қырғызстанда белгілі қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ERNUR.KZ. Ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жеке көлік-логистикалық компанияның жалпы сомасы шамамен 385 мың долларды (170 миллион теңгеден астам) құрайтын жүкті басып алған, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұсталғандар ұзақ жылдар бойы кәсіпкерлердің Қытайдан экспортталатын тұтыну тауарларының жүктерін тонап, Қырғызстан мен ТМД елдерінде тұрақты қылмыстық схема ұйымдастырған.
Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы таратқан хабарламада.

Тергеу шаралары жүргізіліп, жоғарыда аталған тұлғалардың осыған ұқсас басқа да фактілерге қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу жалғасады.