Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

0
759

Жақын арада қаулы жобасы қарауға жіберіледі.


Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

ERNUR.KZ. Қырғызстан депутаттары педофилдерді өлім жазасына кесу туралы референдум өткізуді ұсынып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы депутат Дастан Бекешев Twitter-де жазды.

Оның айтуынша, жақын арада қаулы жобасы қарауға жіберіледі.

24.kg басылымының мәліметінше, бұған дейін бірнеше депутат кәмелетке толмағандарды зорлағандарға жазаны күшейтуді жақтаған болатын. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізуді сұраған.