Қырғызстанның уақытша басшысы ауысты: Садыр Жапаров өкілеттігін тоқтатты

0
547

Енді елдегі президент міндетін парламент сенатының спикері Талант Мамытов атқармақ.


Қырғызстанның уақытша басшысы ауысты: Садыр Жапаров өкілеттігін тоқтатты

ERNUR.KZ. Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров өкілеттілігін тоқтатқанын мәлім етті, деп жазады Stan.kz.


"Мен мемлекет президенті мен премьер-министр лауазымымды тоқтатып, алдағы уақытта болатын сайлауға қарапайым азамат ретінде қатысқым келеді", - дейді Жапаров.


Осыған орай енді елдегі президент міндетін парламент сенатының спикері Талант Мамытов атқармақ. Ал премьер-министр лауазымы Қырғызстанның бірінші вице-премьері Артем Новиковқа өтті.

Өз кезегінде жаңадан тағайындалған Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов халыққа үндеу жасады.


"Мемлекет басшысының міндеттерін атқаруға кірісе отырып, мен халық пен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігімді сезінемін. Президенттің міндеттерін атқарушы ретінде өзімнің конституциялық құқықтарым шеңберінде адамдардың бейбіт өмірі мен ел тұтастығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын. Еліміздің саналы азаматтары мені қолдайды деп сенемін. Барша отандастарымды кедергілер мен қиындықтарды жеңуге үлес қосуға шақырамын. Өз миссиямызды адал орындайтындығымызға толық сенімдімін", - делінген президент міндетін атқарушының жолдауында.


Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда президенттікке 24 адам үміткер екені белгілі болған еді.