Қытай сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап шығарды

0
2 003

Локомотивтің пішіні қытайдың бекіре балығы түрінде жасалған.


Қытай сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап шығарды

ERNUR.KZ. Таншан локомотив зауыты сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін жүк пойызын жасап шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қытай осындай жылдамдықпен жүк тасымалдауды жүзеге асырған әлемдегі бірінші ел болды, бұл Қытайдың теміржол жабдықтары саласындағы тәуелсіз инновациялық мүмкіндіктерінің айтарлықтай жақсарғанын білдіреді.

Локомотивтің пішіні қытайдың бекіре балығы түрінде жасалған, бұл оның аэродинамикалық қасиеттерін жақсартады.

Пойызды дамытуда UWB кең жолақты байланыс технологиясы, мобильді деректерді беру желісі және Beydou навигациялық жүйесі қолданылды.

Аталмыш пойыз жүкті алыс қашықтыққа жеткізу үшін қолданылады.