Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайға сот үкімі шықты

0
734

Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертусіз қалдырды.


Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. 2019 жылы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдады деп айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық сот ісінің үкімі шықты, деп жазады Тengrinews.kz.

Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертусіз қалдырды.

Сот отырысына адвокаттар, Қазақстанның Қытайдағы елшілілігінің консулы қатысты.

Сот үкімі он күннен соң күшіне енеді.

Қорғау тарабы үкімге шағымдануды және Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға жеткізу мәселелерін қарастырып жатыр.