Қытайда 30 Американдық агент өлтірілген

0
1 249

АҚШ Орталық барлау басқармасының 30 агентіне өлім жазасы кесілді


Қытайда 30 Американдық агент өлтірілген

фото:tengrinews.kz

ERNUR.KZ. 2017 жылы The New York Times газеті Орталық барлау басқармасы агентурасының тарихындағы сұмдық жайлы жазды, деп жазады.tengrinews.kz

2010-2012 жылдары Қытайда ондаған америкалық агент өлтіріліп, қамалған, ал ондаған жылдар бойы жасалған желінің дымы қалмаған. АҚШ-та тергеу барысында ОББ бұрынғы қызметкері Джерри Чунь Шин Ли ұсталған - Қытайға агентуралық желіні дәл осы адам ұстап берді делінді.

2018 жылдың қаңтарында оған ресми айып тағылды. 15 тамызда Foreign Policy басылымы материал жариялады, онда ОББ-ның 30 қызметкері мен қытайлық байланыстағы адамдары өлім жазасына кесілгені айтылады, ал желі сатқынның кесірінен ғана емес, коммуникация жүйесіндегі қателерге байланысты да жойылғаны айтылады, - деп жазады Meduza.

ОББ мен ФТБ арнайы комиссиясы бұл сәтсіздікке үш фактордың болған деген шешімге келді - сатқындық, агенттердің ұқыпсыз жұмысы және коммуникация жүйесінен деректердің таралып кетуі.