Қытайда 900 жылдық тарихы бар ең ұзын көне көпір жанып кетті

0
516

Көпірдің жалпы ұзындығы – 98,2 метр, ені – 4,7 метр.


Қытайда 900 жылдық тарихы бар ең ұзын көне көпір жанып кетті

ERNUR.KZ. 900 жылдан астам уақыт бұрын салынған Қытайдағы ең ұзын көпір – Ваньань өртке оранып, толығымен қирады, деп жазады 24.kz.

Көне көпір Фуцзянь провинциясындағы Пиннань уезінде орналасқан. Өрт сенбі күні кешке басталған. Жексенбіде жалынды ауыздықтау мүмкін болды. Зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Көпірдің жалпы ұзындығы – 98,2 метр, ені – 4,7 метр. Ол Сун династиясының (960-1279 гг.) билігі кезінде салынған.

Көпірде бұған дейін 1742 жылы өрт болған еді. Кейін ол жөнделді. 2006 жылы көпір ұлттық деңгейде қорғалуға жататын нысандар тізіміне енгізілді. Ол ағаштан жасалған Қытайдағы ең ұзын аркалы көпір болды.