Қытайда алғаш рет мұрынға шашатын спрей түріндегі тұмауға қарсы вакцина жасалды

0
1 017

Қазір Қытайда тұмауға қарсы вакцинация кең көлемде жүргізіліп жатыр.


Қытайда алғаш рет мұрынға шашатын спрей түріндегі тұмауға қарсы вакцина жасалды

ERNUR.KZ. Шаньдун провинциясында жергілікті тұрғындарға алғаш рет мұрынға шашатын спрей түріндегі тұмауға қарсы вакцина қолданыла бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Тұмауға қарсы вакцинаның бұл жаңа түрі 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға жасалады. Мұрынға шашылатын мұндай вакцинация жылына бір рет жүргізіледі. Мұрынға 0,1 мл спрей шашылады, 3 күннен кейін адам ағзасында антиденелер паида болады.

Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл өнім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тұмауға қарсы вакциналарының ғаламдық жоспарына (GAP) енгізілген. 2011 жылы ДДСҰ-ның мақұлдауымен тұмауға қарсы мұрынға шашылатын спрей технологиясы Қытайға берілген болатын.



Қазір Қытайда тұмауға қарсы вакцинация кең көлемде жүргізіліп жатыр және бүкілхалықтық вакцинация қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.