Қытайда балабақшаға шабуыл жасалып, 54 адам жарақат алды

0
893

Бір адам балабақша аумағына кіріп, каустикалық сода ерітіндісін адамдарға шашқан.


Қытайда балабақшаға шабуыл жасалып, 54 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Қытайда балабақшаға шабуыл жасалып, нәтижесінде мұғалімдер мен балалар жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға елдің оңтүстігіндегі Юньнань провинциясындағы Кайюань қаласында болды.

Бір адам балабақша аумағына кіріп, каустикалық сода ерітіндісін адамдарға шашқан. Салдарынан 54 адам жарақат алды. Оның ішінде 48 адам жеңіл күйік алып, төрт адам орташа жағдайда күйген, ал тағы екі адам ауыр жарақаттанған.

Тәртіп сақшылары жедел түрде күдікті адамды ұстады. Оның Кун есімді 23 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Ол өзінің іс-әрекетін бала кезінен анасының оған көңіл аудармауымен, отбасы мен жұмысындағы қиыншылықтарға байланысты адамдарды жек көретіндігімен байланыстырған.