Қытайда бортында 113 жолаушы болған ұшақ өртеніп кетті

0
389

Жеңіл жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.


Қытайда бортында 113 жолаушы болған ұшақ өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Tibet Airlines ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Оқиға Қытайдың Чунцин қаласында болған, деп жазады Zakon.kz.

Әуежайдың хабарлауынша, бортта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Жеңіл жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайындағы рейстердің ұшып көтерілуі және қонуы бұрынғы режимге оралды. Оқиғаның себебі анықталуда.