Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны қайта арта бастады

0
526

Қытайда жалпы 83 891 адам коронавирус жұқтырған, 4 634 науқас қайтыс болған және 78 918 адам аурудан айыққан.


Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны қайта арта бастады

ERNUR.KZ. Қытайда наурыздың басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Басылымның хабарлауына қарағанда, 26 шілдеде 61 адам коронавирус жұқтырған. 61 жағдайдың 57-сі ел ішінде (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында 41 адам, Ляонин провинциясында 14 адам және Цзилинь провинциясында 2 адам), ал қалған төртеуі басқа елдерде жұқтырған. Сондай-ақ, елде 44 симптомсыз тасымалдаушы тіркелген.

Қытайда жалпы 83 891 адам коронавирус жұқтырған, 4 634 науқас қайтыс болған және 78 918 адам аурудан айыққан.