Қытайда карантинге алынған қонақүй қирап, төрт адам мерт болды

0
605

Отель коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды ұстап отыру үшін пайдаланылған.


Қытайда карантинге алынған қонақүй қирап, төрт адам мерт болды

ERNUR.KZ. Қытай билігі елдің шығысындағы Фуцзянь провинциясында қонақүй ғимаратының қирауы салдарынан төрт адам мерт болғанын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаза тапқандар саны өсуі мүмкін. 28 адам қонақүй үйіндісінің астында қалып қойған. Үйінді астынан құтқарушылар 43 адамды шығарған. Цюаньчжоу қаласының Личэн ауданындағы Синьцзя қонақүйі шамамен 7:15-те қираған. 71 адам үйінді астында қалған.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимараттың қожайыны полиция бақылауына алынған. Қираған қонақ үй 2013 жылы салынған. 2018 жылы ғимарат 66 бөлмесі бар қонақ үй болып қайта жасалған.

BBC агенттігінің хабарлауынша, отель коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды ұстап отыру үшін пайдаланылғанын хабарлайды. Ғимаратта болған 71 адамның 58-і карантинде болған.

Жергілікті өрт күзеті басқармасы оқиға орнына 200 өрт сөндірушіні сондай-ақ Фуцзянь провинциясы 11 іздеу-құтқару тобын жіберген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс тобын құтқарушыларға көмектесуге және қирау себептерін анықтауға Цюаньчжоуға бағыттады. Министрлік зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күшті жұмсауға шақырды және болашақта осындай жағдайлардың алдын-алу керектігін атап өтті.