Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 722 адамға жетті

0
516

Қауіпті дертті елде 31 мың 774 адам жұқтырған.


Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 722 адамға жетті

ERNUR.KZ. Ухань қаласынан тараған коронавирустан қайтыс болғандар саны 722 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитеті хабарлады.

Сондай-ақ қауіпті дертті елде 31 мың 774 адам жұқтырған. Ал осы коронавирустан емделген 2050 науқас жазылып кетті.