Қытайда құмды дауыл бірнеше секундта қаланы жауып тастады (видео)

0
2 566

Адам нанғысыз көрініске тап болған тұрғындар есін жинай алмай қалды.


Қытайда құмды дауыл бірнеше секундта қаланы жауып тастады (видео)

ERNUR.KZ.Қытайда құмды дауыл бірнеше секундта Голмуд қаласын жауып тастады, деп жазады ktk.kz.


ВИДЕО АВТОРЫ: BignNews
Цинхай провинциясындағы Голмуд тұрғындары естен кетпес табиғат құбылысын бастан кешірді. Адам нанғысыз көрініске тап болған тұрғындар есін жинай алмай қалды. Құмды дауылдың биіктігі 50 метрге жетті. Құм қаланы басып тастағандай. Желдің күші 20,7 м/с болып, кейбір аудандарда 100 метрге дейін адам көзі көрмейтін жағдайға жетті. Бұл апокалипсис он бес минутқа созылды. Сосын дауыл бәсеңдеді. Қаладағы талдар құлап, кейбір ғимараттарға зақым келді. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.