Қытайда шахтадағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

0
668

14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған.


Қытайда шахтадағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан он төрт кенші қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды.

Синхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні түнгі сағат 01:00 шамасында 23 шахтер жер астында жұмыс істеп жатқан кезде болған. Жеті жұмыскер қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған.

«Төтенше жағдай жарияланды, құтқару операциясы мен тергеу жалғасуда», – деп жазды Синхуа.