Қытайда шұғыл жиын өтті: 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған

0
704

Вирус Қытай аумағынан тыс жерлерде тарап жатыр.


Қытайда шұғыл жиын өтті: 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған

ERNUR.KZ. Қытайда 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, деп жазады Тengrinews.kz.

20 қаңтардағы жағдай бойынша, Уханьда 218 адам, Бейжіңде 5 адам, Шанхайда бір адам, Гуандун провинциясында 14 адам осы вирусты жұқтырған.

Вирус Қытай аумағынан тыс жерлерде тарап жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея, Жапония мен Тайланд елдерінде.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирус адамнан адамға жұғатын вирус.

"Гуандун провинциясында екі жағдай тіркелді. Вирус жұқтырғандардың өзі Уханьға бармаған, тек отбасы мүшелері барып қайтқан. Салдарынан олар вирус жұқтырып келіп, отбасының өзге мүшелері ауырып қалған. Сондықтан дәл қазір бұл вирустың жұқпалы екенін айтуға болады", - деді денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжун Наньшань.